Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 42 310 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасына (AFAD) сілтеме жасаған Анадолы агенттігі хабарлады.

22.02.2023
Жаңалықтар

Бұл ретте зілзаладан Каһраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг тұрғындары қаза тапқан. Ал апат аймағынан 448 018 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір жер сілкінісі болған жерде AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық құрылымдарды қосқанда, барлығы 14 740 қызметкер құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр.

Жалпы, жер сілкінісі болған жерде полиция, жандармерия, жедел жәрдем және басқа да мекемелердің қызметкерлерін есептегенде, 242 392 адам бар. Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзетінің қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін 38 кеме берген. 301 289 шатыр орнатылды. Сонымен бірге, аймақта 6 375 модульдік үй тұрғызылған.

Тегтер: жер дүмпуіТүркия

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz