Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Бұл туралы Alataunews.kz ақпараттық агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

11.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
©Reuters

©Reuters

«Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық сында Елена Рыбакина тунистік теннисші Онс Жаберді шаң қаптырды.

Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» жарысының титулын иеленбеген еді.

Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Сонымен қатар Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі үшін берілген Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартқаны белгілі болды.

Тегтер: елена рыбакинажеңімпазтеннисУимблдон

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz