Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Үйге қайтам!» – Елена Рыбакина қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Күні кеше жанкүйерлерін қуантып, теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы "Уимбилдон" чемпионы атанған Елена Рыбакина бүгін түнде елге оралады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

11.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер Уимблдонда маған үлкен қолдау көрсеттіңіздер! Мен оны сездім, білдім. Алғыс айтамын! Біз тарихқа бірге ендік, бұл — керемет сезім! Өзім әлі де сене алар емеспін», — деді теннисші.

Федерация: «Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерімен және жас спортшылармен кездеседі», — деп мәлім етті.

Теннисші Уимблдонда жеңісі үшін Қазақстан теннис федерациясы ұсынған жүлде қорынан бас тартқан. Сондай-ақ, ол ақшалай сыйлықтың белгілі бір бөлігін жас теннисшілерді қолдауға және қайырымдылыққа жұмсамақшы.

Еске сала кетейік, жуырда қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде тунистік Онс Жаберден басым түсіп, жеңіске жеткен болатын.

Тегтер: елена рыбакинажеңімпазҮлкен Дулыға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz