Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Былтыр Алматы облысына 609,1 млрд теңге инвестиция құйылды

Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қойшыбаев бүгінгі өткен брифингте айтты.

17.02.2023
Аймақ

«Статистикалық деректерге сәйкес, Алматы облысына құйылған инвестициялар көлемі 2022 жылы 609,1 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 115,7%-ға артық», — деді маман.

Спикердің айтуынша, 2023 жылға негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіш 850,4 млрд. теңгені құрайды. Басқарма жоспарына сай, 2026 жылы облысқа тартылатын инвестиция көлемі 1 трлн-нан астам сомаға ұлғаюы керек.

«Инвестициялар көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында 2030 жылға дейін 964 млрд. теңге сомасына 112 жобадан тұратын инвестициялық жобалар пулы жасалды. Оның ішінде, биыл 424,3 млрд. теңге сомасына 63 жобаны іске асыру жоспарланған», — деді Ерлан Қойшыбаев.

Маман облыста орналасқан индустриялық аймақтарда құны 109,5 млрд. теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын да айтты.

«Облыс аумағында 4 индустриялық аймақтар бар. Олар Қайрат (198,3 га), Береке (293,4 га), Шелек (244 га) және Қазыбек бек (900 га). Қайрат және Береке индустриалық аймақтары іске қосылған, жұмыс атқарып тұр. Ал Шелек және Қазыбек бек аймақтарының құрылыс жұмыстарын жобалау жүргізіліп жатыр. Олардың қолдану мерзімі 25 жыл және тартылатын инвестиция көлемі 950 млрд. теңгеден асады деп болжанып отыр», — деді спикер.

Тегтер: Алматы облысыбрифингинвестиция

Соңғы жаңалықтар

«Таза Казахстан»: В Алматинской области прошла масштабная акция по уборке мусора, в которой приняли участие 47 тысяч человек

Николай Иващенко
25.04.2026

В Алматинской области в рамках акции «Таза Қазақстан» состоялся телемост с участием президента

Николай Иващенко
25.04.2026

Прокуратура Атырауской области предупреждает об уголовной ответственности за покупку осетровой рыбы и икры

Николай Иващенко
25.04.2026

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Николай Иващенко
25.04.2026

Найденные человеческие останки на стройке больницы напугали жителей ВКО

Николай Иващенко
25.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz