Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шеңгелді ауылында пияз өңдеу өндірісін дамыту қажет — АШМ

Алматы облысының шаруаларымен кездескен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Шеңгелдідегі пияз массивінің мәселесіне тоқталды.

16.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Министрдің айтуынша, Шеңгелдідегі пияз массивінің потенциалы жоғары. Бірақ оны шаруалар 100% қолдана алмай отыр.

«Былтыр Қазақстанда 1 млн 200 мың тонна пияз өңделсе, оның 1 млн тонна өнімі Жамбыл облысына тиесілі. Шеңгелдіде жерді тамшылап суару әдісін қолданып, пияз өнімін арттыруға мүмкіндік бар. Бүгін облыс басшылығымен тиімді игерілмей жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, пияз, одан да басқа көкөністерді өндіру көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды», — деді тілшілерге берген сұхбатында министр.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, пияз өнімін арттырудан бөлек, облыста көкөніс сақтайтын қоймаларды салу мәселесі де қолға алынуы тиіс. Ол үшін мемлекеттен қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар министр облыста неліктен көкөністің бағасы өсіп кеткенін түсіндірді.

«Соңғы бес жылдың динамикасына қарасақ, жылдың басында көкөністердің бағасы артып жатыр. Биыл бағаның шарықтауына Пәкістан мен Өзбекстандағы болған жағдай әсер етті. Шетелден сұраныс өскенде ішкі нарықтағы бағаға әсер етіп, қысым түседі. Оның бір ғана шешімі бар — көкөніс алу көлемін арттыру. Биыл еліміз бойынша пиязды экспортқа шығармау туралы қабылданған шешімнің себебі — пияз бағасын тұрақты ұстап тұру болды. Бұл мәселе әлі де министрліктің бақылауында», — деді министр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыАШМЕрбол Қарашөкеевпияз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz