Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кореялық компания Алматы облысына 200 млн доллар инвестиция құяды

Бүгін Алматы облысының әкімдігінде өңір басшысы темекі өнімдерін өндіретін кореялық компаниямен Меморандумға қол қойды. Бұл серіктестік зауыт тұрғызу үшін 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құймақ.

15.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Екіжақты кездесу барысында «KT&G» компаниясының өкілдері инвестиция құю үшін неліктен Алматы облысы таңдап алынғанын айтты.

«Біз өз жобамызды Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінің бірінде жүзеге асыруды жөн көріп, мәселені талқылай бастадық. Соңында Қазақстанға, оның ішінде Алматы облысына өндіріс ошағын салуды ұйғардық. Себебі, облыстың географиялық орны өнімді ТМД елдеріне экспорттауға қолайлы. Әрі өңірді өндірістік хаб орталығы етуге мүмкіндік бар. Және мұнда темекі өнімдерін шығаратын бірнеше зауыт орналасқан. Яғни, жұмыс барысында өзге компаниялардың да тәжірибесі ескеріледі», — деді серіктестік маманы.

Фото: Аслан Қажеке

Кореялық компания мамандарының сөзінше, Алматы облысында орналасқан «Philip Morris» компаниясы кореялық «KT&G» өндіріс орнының стратегиялық серіктесі. 2020 жылы бұл өндіріс ошағымен 3 жылға екіжақты келісімге қол қойылған. Өткен айда келісімшарт уақыты 15 жылға ұзартылды.

«Мұндағы өндіріске алғашында 100 млн доллар ақша құйылмақ болған. Дегенмен серіктестік басшылары жобаның тиімділігін ескере отырып, қаржыны екі есеге арттырды», — деді маман.

Бұдан бөлек, компания мамандары зауыттың темекі қыздыратын құрылғыдан басқа темекінің өзін де өндіретінін айтады. Олардың сөзіне сүйенсек, алғашқы жоба 2025 жылы өз жұмысын бастайды. Зауыт Боралдай кентінде салынады. Егер екіжақты қойылған мақсаттың бәрі орындалса, зауытты үлкейту үшін 2030 жылға қарай тағы да 200 млн. доллар инвестиция салынады.

Өз кезегінде облыс басшысы бұл компанияның өңірге зауыт салуы әлеуметтік салада маңызы зор екенін атап өтті.

«Бірнеше жылдан бері сіздердің компанияларыңыз Оңтүстік Кореяда әлеуметтік салаға басымдық берген өндіріс орындарының алдыңғы қатарында болғанынан хабардармыз. Бұл бағыт біздің өңірде де өз жалғасын табатынына сенімдіміз. Темекі өндіретін бірнеше компаниямен жұмыс жасап жатқандықтан, бүгінгі шығарылған шешім бізге таңсық емес. Қажетті мемлекеттік қолдауды көрсетуге әзірміз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, «KT&G» компаниясының 120 жылдық тәжірибесі бар. 2021 жылы серіктестіктің табысы 38 млрд. долларды құраған.

Тегтер: Алматы облысыинвестиция

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz