Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

15.02.2023
Жаңалықтар

Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кеше кешкі уақытта шабуыл жасап, әлдекімнің соққыға жығып кеткені белгілі болды. Зардап шеккен Анна Димитриевич белгісіз ер адамның қыз балаға қол көтеріп жатқанын көргеннен кейін көмектесуге оқталғанын, алайда сол сәтте белгісіз адам өздеріне қарсы күш қолданғанын жеткізді.

«Біз жүгіріп барып, ұрып жатқан адамды тоқтатуға тырыстық. Қыздың мені қатты қысып ұстаған күйде «Көмектесіңіз! Көмектесіңіз!» деп айқайлады. Осы сәтте оны ұрып жатқан азамат бізге қарсы ұмтылды. Қатты соққыдан Олег құлап қалды. Ол тұруға оқталған сәтте тебе бастады. Күрестің әдісімен оңды-солды лақтырып жіберді. Мен де арашалауға тырыстым. Бірақ асфальтқа басыммен соғылып, есімнен танып қалдым. Полиция қызметкері де келді. Ұрған адамның маған және Олегке қол жұмсағанын білемін. Оның белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл екенін айтты», — дейді заңгер Анна Димитриевич.

Оқыс жағдайдан кейін зардап шеккендерден белгілі спортшының ұлы кешірім сұрамаған көрінеді. Қазір аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алматы қалалық ПД аталған дерек Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды», — деп пікір білдірді Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

Тағы бір айта кететін жайт, қол жұмсаған күдіктінің әскери адам екені анықталған. Осы ретте іс материалдарының соттылығын анықтау үшін Алматы қалалық Прокуратурасына жолданып отыр.

Тегтер: Дәулет Тұрлыхановқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz