Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтті

Бүгін Алматы облысы Балқаш ауданы Ақдала ауылдық округінің әкімін сайлау науқаны өтті.

13.02.2023
Аймақ, Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Ауыл әкімі лауазымына 3 кандидат өзін-өзі ұсынған:

  • Дархан Төлеубек — 2020 жылдан бері аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған;
  • Нұрғали Мұсаев — 1982 жылы туған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Балқаш аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-нің бас маманы;
  • Нұрбол Нарбаев — 1984 жылы туған. 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ақдала ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Кандидаттардың барлығы Балқаш ауданының тумасы.

Фото: Аслан Қажеке

Сағат 21.00-дегі дерекке сәйкес, Нұрбол Нарбаев сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша 86.3 пайыз дауыс жинады.

«Менің әкім ретіндегі міндетім — заңнама аясында және өз өкілеттілігім шегінде ауылды басқару, халықтың мүддесін қорғау», — деді үміткер Нұрбол Нарбаев.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

Ал ауылдағы сайлау учаскесінің төрайымы науқанда еш заңбұзушылық тіркелмегенін айтты.

«Ақдаладағы сайлау учаскесінде 1195 сайлаушы тіркелген. Оның 1072-сі науқанға қатысты. Алғаш рет дауыс бергендердің саны — 22. Мұнда 7 комиссия мүшесі болды. Науқан кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ», — деді 104-сайлау учаскесінің төрайымы Айгүл Қалиева.

Фото: Аслан Қажеке

Балқаш ауданының тұрғыны Ақынбек Стамбеков болса, сайлаудың әділ өткеніне сенімді екенін жеткізді.

«Халықтың таңдап, сайлаған кандидаты жұртшылықтың мұң-мұқтажын орындайды деп сенеміз. Ұсынылған үміткерлердің барлығы да әкім лауазымына лайықты болды. Сайланған ауыл әкімі халықтың үнін тыңдап, мәселелерін жоғарғы жаққа жеткізуге міндетті. Сайлаудың әділ өтуі — Әділетті Қазақстанның бір белгісі болуы тиіс», — деді Ақынбек Стамбеков.

Фото: Аслан Қажеке

Ақдаладан бөлек, ауданда 3 ауылдың әкімін сайлау өтіп, алдын ала қорытындысы шықты:

  • Қарой ауылы — 1115 сайлаушының 84.9%-ы Әділғали Болатовқа дауыс берді;
  • Көктал ауылы — Айбар Өгізбаев 89% дауыс жинады;
  • Ақкөл ауылы — 93.7% халық Бекзат Орынбаевқа дауыс берді.
Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: АқдалаАлматы облысыәкімБалқашБасты жаңалықтарсайлау

Соңғы жаңалықтар

Астанада Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында құрылыс базарында өрт шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімін беру ұсынылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында казино мен букмекерлік кеңселерге жаңа шектеу енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz