Дабыл шабаданы – бұл құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін, экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы.
«Біздің сейсмикалық қауіпті аймақта тұратынымызды ескере отырып, бүгіннен бастап дабыл чемоданын дайындау қажет», – дейді алматылық құтқарушылар.
ТЖД қызметкерлері дабыл шабаданында болуы керек келесі заттарды рюкзакқа, шағын сөмкеге немесе шабаданға салуды ұсынады: ақша, құжаттар, алғашқы көмек жинағы, су, консервіленген тамақ, жоғары калориялы тағам, жеке гигиена құралдары, жылы киімдер, жылы көрпе, радиоқабылдағыш, батареямен жұмыс істейтін фонарь, сіріңкелер, ысқырғыш.
«Электрондық үкімет» сайтында дабыл шабаданынан екеуін дайындаған дұрыс көрсетілген: біреуін үйде, қолжетімді жерде сақтау керек, екіншісін көліктің жүк салғышына қойған дұрыс.
«Артық ештеңе алмаңыз. Есіңізде болсын: өзіңізбен бірге көбірек тамақ, ауыз су мен дәрі-дәрмек, екі-үш жиынтық ең қажетті заттарды алғаныңыз дұрыс», – деп кеңес берді мамандар.