Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында шаңғы спортын дамыту үшін мемлекеттік қолдау керек — туризм басқармасы

Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Айбар Теменов ҚР Ұлттық Экономика министрімен кездесу барысында айтты.

10.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Ой-қарағай» курорттық орнын 60 пайыз дамытып қойдық. Мұнда келушілердің саны да жыл сайын артып барады. Енді қалған 40 пайызды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау қажет. Нақтырақ айтқанда, тау шаңғысымен айналысушылар үшін арнайы жабдықтар орнатып, техника сатып алу қажет. Қазіргі таңда инвестор қажетті соманың 25 пайызын ғана өтеп отыр. Шетелдік тәжірибелерде демалыс орындарын дамытуға мемлекет 70 пайыз ақша құйған. Бұл жерді ары қарай дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартуымыз қажет. Біз Ақбұлақтан басталған шаңғы жолын Шымбұлаққа дейін ұзартпақ ниеттеміз. Ой-қарағайдың жолы 25 шақырымды құрайды, Ақтас үстіртіне жол жүргізу арқылы бұл жолды 55 шақырымға арттыруды көздеп отырмыз. Жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау арқылы инфрақұрылымды бірізді етуіміз қажет», — деді басқарма басшысы.

Ал облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев заң бойынша елді мекендерден тыс жерге инфрақұрылым желілерін тарту мемлекет құзіретінде емес екенін айтты.

«Бұл мәселе облыс көлемінде шешілуі керек. Өңірдегі тау шаңғысы курорттарын дамытуға халықтың да, әкімдіктің де назары ауып отыр. Дегенмен, заң тұрғысынан келгенде елді мекендерден тыс жерде мемлекет қаржысына инфрақұрылым желілері тартылмайды. Әкімдік тарапынан бұл мәселені қарастыратын боламыз», — деді облыс әкімі.

Тегтер: Алматы облысыҚонаевтауТуризм

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz