Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында теріс діни ағымдағы адамдармен қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? – мамандар түсіндірді

Бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерлан Матаев өңірде діни экстремизмге қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы сөз етті.

09.02.2023
Аймақ

Маманның айтуынша, бұл жұмыстың өзі 3 бағытта атқарылады. Олар:

1. Деструктивті діни ағымдағы адамдармен теологиялық оңалту шараларын ұйымдастыру;
2. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
3. Интернет кеңістікте және БАҚ-та діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жасау.

«Атап айтқанда, былтыр оңалту шараларының аясында «Ақпараттық тур» жобасы жүзеге асырылды. Шара барысында жат ағымдағы әйелдер мен олардың балалары облысымыздың көрікті жерлері Көлсай, Қайыңды көлдері мен Шарын шатқалына 2 күндік турға барды. Мұнда білікті теологтар мен психологтар тақырыптық тренингтер өткізіп, ақпараттық түсіндіру, оңалту жұмысын жасады. Жобаға барлығы 28 адам қатысты. Биыл бұл турдың ауқымын кеңейту көзделіп отыр», — деді спикер.

Сондай-ақ осы бағытта 2022 жылы «Нұр-Мүбарак» университетінің базасында 100 деструктивті діни ағым (ДДА) жақтаушысының қатысуымен 3 күн бойы модульдік курс өткізілді. Нәтижесінде қатысушылардан деструктивті идеологиядан бас тартқанын растайтын қолхаттар алынды және бейнекамераға өз қателіктерін өзгелердің қайталамауына шақыратын үндеулері жазылды.

«Бұдан бөлек, оңалту шаралары бағытында облысымыздың қызыл аймақтарына кіретін Қарасай, Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласында аптасына 2 рет араб грамматикасы бойынша сабақтар өткізіліп жатыр. Өңірден ашылған курстарда барлығы 80 азамат, оның ішінде 12 ДДА жақтаушылары оқиды. Мақсаты – араб тілін үйренумен қатар, ақида, фиқһ, сира пәндері арқылы оңалту жұмысын жасау», — деді Ерлан Матаев.

Ал ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына келсек, Ерлан Матаевтың мәліметінше, облыста 280 шара өтті. Оған 65 000-ға жуық адам қатысты. Және түрлі тақырыптардағы 5 000-ға жуық буклет, флаер, ақпараттық парақтар шығарылып, халыққа таратылды.

«Үшінші бағыт бойынша айтсақ, деструктивті діни идеологияның алдын алу үшін арнайы «QOGAM LIBRARY» интернет кітапханасы іске қосылды. Мұнда 300-ге жуық электрондық кітаптар орналастырылды. Бұдан бөлек, «Дін және мәдениет – руханият әлемі» қоғамдық-саяси газетінің 6 нөмірі жарыққа шығып, аудан, ауылдарға таратылды», — деді маман.

Сонымен қатар Ерлан Матаев басқарманың «religionalmobl.kz» сайты жұмыс істеп тұрғанын, облыстық «Жетісу» телеарнасымен бірлескен телевизиялық жоба «Бүгінгі дін», «Талқы» бағдарламаларының бірнеше саны эфирге шыққанын айтты.

Тегтер: Алматы облысыдінЕрлан МатаевҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz