Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Министр пияз бағасының өсуін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі пияз тапшылығы мен бағасына қатысты пікір білдірді

07.02.2023
Қоғам

«Иә, «Magnum», «Small» желілерінде пияздың бағасы 340-400 теңге. Бұл пияз айналасындағы соңғы уақыттағы дүрбелеңге байланысты. Пияз нарығындағы жағдайды бақылап отырмыз. Өткен жылы елімізге 1,5 миллион тонна пияз әкелінді. Оның 1 миллион 100 мыңы Жамбыл облысына жеткізілді. Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық», — деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, пияз бағасы бақылауда.

«Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқып тұр. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190-210 теңге болды», — деді ол.

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевҚазақстанпияз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz