Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында салықтан 367,6 млн теңге жалтарған кәсіпкер сотталды

Алматы облысының прокуратурасы «Рыбпром» балық шаруашылығы» ЖШС қызметін тексеріп, бюджетке салықты тиесілі көлемнен аз төлегенін анықтаған.

07.02.2023
Аймақ

«Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның шегерімдерінен жеке тұлғалар мен контрагенттер бойынша төленген 1,8 млрд теңгенің үстіне 367,6 млн шығыс қайта есептелді. Бұл бұрын азайтылған салық есебінен алынды. Сондай-ақ, «Рыбпром» ЖШС-нің салық төлеуден жалтарғаны туралы сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәсіпорын басшылығының тексеру қорытындыларын даулау әрекеті сәтсіз аяқталып, облыстың экономикалық соты ол шағымды орындаудан бас тартты», — деп жазды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратаның дерегі бойынша, экономикалық тергеу департаменті кәсіпорынның өмірде жоқ контрагент-кәсіпкерлермен «сауда жасағанын» дәлелдеді. Нақтырақ айтсақ, әлгі контрагент-кәсіпкерлердің меншігінде негізгі сома да, жұмыс күші де, материалдық-техникалық база жоқ екені анықталған. Ал шот-фактураларға бөгде тұлғалар қол қойып отырған.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот кәсіпорын директорын ақтау туралы үкімнің күшін Бас прокуратураның қарсылығы негізінде жойған. Осылайша Алматы облыстық сотының сот алқасының 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы үкімімен кәсіпорын директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 4 ай мерзімге мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдарда басшылық және материалға жауапты қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ал жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы сот үкімін негізге ала отырып, салықтан жалтарды делінген 367,6 млн теңге мен оның өсімпұлын мемлекетке қайтару шараларын бастады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz