Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленді – ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы қалай төленетінін айтты.

06.02.2023
Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу қаражаты жергілікті бюджеттерде көзделген.

«Егер үй су басқан жағдайда, өтініш бойынша өтемақы алуға өтінім қаралатын болады. Жергілікті бюджетте төтенше жағдайларға арналған қаражат қарастырылған. Егер жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болса, онда қосымша қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін болады», — деді вице-министр дүйсенбіде Астанада өткен брифингте.

Залалды бағалайтын арнайы комиссия құрылады, содан кейін өтемақы төленеді, деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, су басу ықтималдығы жоғары өңірлерде, бұл Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары, эвакуациялық пункттер ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, брифинг барысында вице-министр Оңтүстік гарнизондардың барлық аумақтық бөлімшелері «Қазгидромет» болжамын алуға байланысты жоғары дайындыққа келтірілгенін айтты.

Бұған дейін «Қазгидромет» Алматы, Жамбыл Түркістан және Жетісу облыстарында 6-10 ақпан аралығында жауын-шашын мен қардың қатты жаууын, сондай-ақ температуралық фонның көтерілуін болжайтыны хабарланған болатын.

Осыған байланысты қардың қарқынды еруі, еріген және ағындардың пайда болуы, мұздардың еруі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Салдары су тасқынына әкеледі. ТЖМ азаматтарға өз аула аумақтарын қардан уақтылы тазарту, арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту қажеттігін еске салады.

Тегтер: жәрдемақысу тасқыныТЖМ

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz