Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкіметте бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайы талқыланды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен арнайы үкіметтік комиссияның отырысында Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының су тасқыны кезеңінен өтуге дайындығы қаралды.

03.02.2023
Саясат

Үкіметтік комиссия Премьер-Министрдің өкімімен құрылған болатын. Талқылауға өңірлер әкімдіктерінің, Төтенше жағдайлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдеріне барлық қажетті қызметтер мен ұйымдарды жұмылдырып, су тасқыны кезеңінен тиімді өту үшін арнайы техника мен материалдар дайындау, сондай-ақ апаттық қызметтердің іс-қимылдарын тиісті үйлестіруді ұйымдастыру тапсырылды.

Сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сырдария және Іле өзендерінің арналарында тасқын суларды қауіпсіз өткізуді үйлестірумен айналысады, су қоймаларын, оның ішінде Көксарай, Күрті, Бартоғай, Бестөбе, Қызылағаш, Алматы, Ащыбұлақ, Ақешкі мен басқа да су қоймаларын толтырудың рұқсат етілген көлемін белгілейді және оларға тиісті бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ Сырдария өзенінде мұздықтардың іркілуін азайту үшін жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады, ал шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық өзендердегі су шығыны туралы тұрақты өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылады.

Тегтер: су тасқыныүкімет

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz