Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда биыл көктем ерте шығады

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында су тасқыны маусымына дайындыққа арналған брифинг өтті.

03.02.2023
Аймақ

Елордадан онлайн брифингке «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов қосылып, мегаполиске іргелес өңірлердегі жағдайға тоқталды. Ол сонымен қатар мегаполистегі ауа температурасының қалай өзгергенін хабарлады.

Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыда көктем ерте шығады. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтеріледі. Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған толығырақ болжам 15 ақпанда жарияланады.

Әділ Ахметов Алматыда ауа толқындарында жылылық сезіліп, ауасының температурасы айтарлықтай көтеріліп келе жатқанын айтты. 1976 жылдан бастап орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,5°С-қа көтерілді. Жылдың барлық айларында температура тұрақты түрде көтеріледі. Температура ең жоғары жылдамдықпен наурызда көтеріледі — 10 жыл сайын 1,3°С-қа, ал ақпанда — 10 жыл сайын 1,3°С-қа көтеріледі.

«Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы — 2,7°C, мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Және дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары. Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді, сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт жылынуынан қауіп артады», — деді Қазгидромет өкілі.

Көршілес облыстардағы жағдайға келетін болсақ, спикердің айтуынша, 5 ақпанда Алматы облысында, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, қар жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

1 ақпандағы жағдай бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Жетісу Алатауының өзен алаптарында ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа жылдық мәннен 15-21%-ға жоғары, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейі мен Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзендердің бассейндерінде орташа жылдық мәндер шегінде 15-21%-ға жоғары.

Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндеріндегі тау өзендерінің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәннен 39%-ға жоғары, Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі және Кетмен жотасының солтүстік беткейі өзендердің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәндер шегінде.

«27 қаңтарда «Қазгидромет» РМК 2023 жылдың 1-10 ақпанына Қазақстанның оңтүстік облыстары үшін ауа райы болжамы бойынша жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарындағы өзендерде көктайғақ құбылыстарының баяулайтынын және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», — деп жалғастырды сөзін Әділ Ахметов.

Ақпан және наурыз айларында температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан еріген жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін. Алматының оңтүстік жартысында ақпан айында жауатын жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда.

Қардағы су қорының көлеміне, топырақтың күзгі ылғалдылығына, топырақтың қату тереңдігіне талдау жасай отырып, Алматы облысы су басу қаупі жоғары өңір ретінде алдын ала бағаланды.

Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы 2-3 күн бұрын дауылды ескертумен хабарлайды

Тегтер: алматыбрифингкөктем

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz