Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысының 3 ауылы табиғи газға қосылады

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) басқармасы басшысының орынбасары Талғар ауданына жасаған іс-сапары кезінде мәлім етті.

03.02.2023
Аймақ

«Талғар ауданы бойынша 48 елді мекен бар, оның 31-і (64,5%) газдандырылған. Биыл Еламан, Көктал және Қайнар ауылдарында биылғы жылы газдандыру жұмысы басталды», — деді басқарма басшысының орынбасары Айдар Бошкулов.

Еламан ауылына газды «Алматы Production Construction & Invest» ЖШС мердігерлік ұйымы тартады. Оған тапсырысты облыс әкімдігінің жауапты басқармасы берді. Шартқа 2022 жылғы 19 мамырда қол қойылды. Жұмыс құны — 147,7 млн. теңге.

Ал Көктал ауылын газдандыруды «Ремстрой» ЖШС жүргізеді. Жауапты басқармамен екіжақты шарт 2022 жылдың 27 шілдесінде жасалды. Газ тартудың құны — 161,2 млн. теңге.

Қайнар ауылына газ желісін «ТеплоЭнергоСтрой» ЖШС тартады. Шарт 2022 жылдың 29 шілдесінде жасалды. Жұмыс құны — 112,8 млн. теңге.

Егер бар жұмыс жоспардағыдай жүзеге асса, жыл соңына қарай газ желісі қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар ол 9 ауылда (Жаңалық, Дәулет, Қызыл Ту, Арқабай, Төңкеріс, Кіші Байсерке, Нұра, Өстемір, Туғанбай ауылдары) жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленіп жатқанын айтты.

Ал 5 ауыл бойынша (Достық, Сақтан, Тереңқара, Каменское плато, Қаратоған) ЖСҚ әзірлеу қажет. Аталған елді мекендер бойынша облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына жоба әзірлеуге өтінім хат жолданды.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, алдағы уақытта газға қосылу құны елдегі инфляцияға байланысты өзгереді.

Айта кетейік, аудан бойынша газ желілеріне «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС және «Жетісу Газ Кубыр» ЖШС қызмет көрсетеді. Желілердің жалпы ұзындығы — 925,2 шақырым. Қосылу құны 120 000-500 000 теңге аралығында. Қазіргі таңда ауданда 44 мың тұрғын үйдің 32 мыңы газдандырылған. Сондай-ақ 252 көппәтерлі үйдің 142-сі табиғи газға қосылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысытабиға газ

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz