Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ киносы Африкада көрсетілді

Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті, іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімдері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.

02.02.2023
Жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҰКҚМО қолдауымен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болып, Үздік көркем фильм атанды. Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.

«Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмін алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде, біз кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім», — дейді іс-шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.

Африкалық көрермендер қазақ киносының деңгейін жоғары бағалады, ал индустрия мамандары серіктестік орнатуды ұсынды.

«YARHA фестивалімен серіктестік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін, бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәдени дипломатия жалғасуы керек. Біз қазақстандық картиналардың Марокко, Тунис, Сенегал және Конго елдерінде көрсетілгенін қалаймыз», — деп атап өтті Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.

Камерундағы отандық фильмдердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды — бұл Африкадағы алғашқы осындай ауқымды шара.

Тегтер: АфрикаНартайфильм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Акжаркын
26.11.2026

Алматы облысында құны 30 млн долларды құрайтын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Акжаркын
26.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
26.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
26.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
26.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz