2022-2023 жылдары қыста еліміздің су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 3 адам автокөлікпен мұз үстінде жүрген.
«Патруль кезіндегі түсіндіру жұмыстары болады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұз үстінде жүру қаупі, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі және ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес осы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы азаматтарды ақпараттандыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, өкінішке орай, Алматы облысында да осындай фактілер орын алып жатыр», — дейді құтқарушылар.
Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасында балықшылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жеке автокөлігі бар әуесқой балықшыларға мұз қатқан су айдындарының көшуі кезінде сақтық және қауіпсіздік шаралары таныстырылды.
«31 қаңтарда «Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті. Абырой болғанда бұл жолы адам шығыны болған жоқ. Аталған автокөлік құралдарының иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік істер қозғалып, айыппұл салынды», — делінген Алматы облысы ТЖД хабарламасында.