Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Алматыда өздерін Әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың саны артты. Осыған байланысты өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен шұғыл брифинг өтті.

01.02.2023
Қоғам

Қалалық әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Әнуар Жексековтың айтуынша, алаяқтар азаматтарға телефон соғып, өздерін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау және сендіру жолымен тұрғындардан ақша алып жүр.

«Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желілер арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал, алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін барлық телефондарды өшіреді. Әрі қарай алаяқтар жәбірленушілерге өздерін әділет департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғанын хабарлайды, жалған куәлік береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді», — деп түсіндірді спикер.

Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Алмас Бекботаевтың мәліметінше, бүгінгі күні бес жалған қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Әділет департаменті полицияға бес адамға қатысты барлық дәлелдейтін материалдармен арыз жолдады. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деді ол.

Ведомство өкілдері ел тұрғындарын өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатуы мен үгітіне сенбеуге шақырды.

Осындай жағдай болған жағдайда, +7 777 252 23 23 телефонына хабарласып, Алматы қаласы Әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар, қызметкерлердің тізімдері департаменттің ресми сайтында жарияланған.

Тегтер: алаяқалматықылмыс

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz