Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында есірткі жасайтындар 18 млн теңгеге ферма сатып алған

Алматы облысының полицейлері Іле ауданы аумағында ірі көлемдегі есірткі жасайтын зертхананы анықтап, жолын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

30.01.2023
Аймақ

«Алматы облысында полицейлер есірткінің ауқымды өндірісін тоқтатты. Атап айтқанда, Іле ауданының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен бірлесіп есірткі зертханасын құрмақ болғандардың жолын кесті. Межреченск кенті маңындағы құрылыс полицейлердің назарын аударды. Анықталғандай, белгісіз біреулер 1 гектар жерді таспен қоршап, ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жабдықтар әкеліп, трансформаторды электр желісіне қосқан. 20 канистрді прекурсорлармен тасымалдау кезінде полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады», — деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Ұсталғандардан психоактивті заттар табылған.

«Аталған құрылыс алаңы бұрын ферма болған, кейін күдіктілердің бірі оны 18 млн теңгеге сатып алған. Учаскені биік етіп қоршап, көзден тасалаған және уақытша баспана, монша мен гараж салған. Күдіктілер сырт көзді алдау үшін мал ұстайтын орындарды да қарастырған. Ал есірткі жасап шығаруға арналған бөлек бөлме бар болып шықты. Ескірткі зертханасының іші толық жабдықталған», — дейді ол.

Оның айтуынша, күдіктілерден есірткі өндіруге арналған жабдықтар мен 1000 литрден астам прекурсор тәркіленді. Сондай-ақ, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер: Алматы облысыЕсірткіферма

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz