Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

2022 жылы мегаполисте 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан мәлім етті.

30.01.2023
Қоғам

Спикердің сөзінше, былтыр Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қала аумағындағы 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Олар — «Innova Gold», «QOZGAN», «Тhe Finiko», «Grand lux house», «Tender», «Альфа Сейлс Консалтинг», «Forex клуб», «Rich Beach».

ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидасы бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданды: «Caspian Crocus», «TheFiniko», «World Business Consulting» — 2, «Qozgan Inc», «B2B Jewelry».

Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан 3500-ден астам азамат зардап шекті.

«Мәселен, «Qozgan Inc» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды. Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражаттарын тендерлік жобаларға салуды ұсынды, бұл 105 күн ішінде салым сомасының 5-30 пайызға дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген. Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 млн теңгеден асты», — деді Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Сондай-ақ, құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған «Innova Gold» инвестициялық пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс тергеліп жатыр.

«Innova Gold» ұйымдастырушылары азаматтардың сеніміне кіріп, жобаға шақырған. Қаражат салғаны үшін бонустар есептеуге, сондай-ақ егер клиент өзімен бірге басқа салымшыларды алып келген болса, жобадағы рөлін ілгерілетуге уәде берген. Азаматтар салған ақшалай қаражаты «Innova Gold» сайтындағы салымшының жеке кабинетінде көрсетілді, алайда сайт пайдаланушылары өз қаражатын іс жүзінде қолма-қол ақшаға айналдыра алмады», — деді ол.

Жақсылық Мырзаханның айтуынша, экономикалық тергеу қызметі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың банк шотына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

Мысалы, «World Business Consulting» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша сегіз жәбірленушіге келген 34, 2 млн теңге залал өтелді.

Тегтер: алматықаржыпирамида

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz