Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ауасы қатты ластанған қалалар белгілі болды

Еліміздегі 4 қаланың атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанған. Бұл туралы Ranking.kz порталы жазды.

30.01.2023
Жаңалықтар

Сайттың мәліметінше, соңғы 5 жылда ауасы қатты ластанған қалалар — Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау.

Мәселен, Астанада ауаның ластануына себеп болған негізгі факторлар – жылу энергетика кәсіпорындарының шығарындылары.

Сонымен қатар, елорда ауасының сапасына көліктер де теріс әсер етіп отыр.

Қарағандыдағы жағдай да Астанаға ұқсас. Мұнда қыс мезгілінде жылыту компаниялары мен жеке сектордың қалдықтары ауаны ластап жатыр.

Бұған қоса, аталған шаһар аумағында ірі өнеркәсіп орындары орналасқан.

Ал Теміртауда жылдың кез келген мезгілінде ауа ластана береді. Оған қаладағы өнеркәсіп орындары мен металлургиялық кәсіпорындардан бөлінетін зиянды қалдықтар себеп.

Бұл бағыттағы экологиялық мәселелерді шешу үшін инвестиция қажет.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 2018-2021 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция көлемі өскен. Алайда, былтыр қаражат көлемі айтарлықтай қысқарған.

Атап айтқанда, өткен жылы қаңтар-желтоқсан аралығында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция бірден 50,8%-ға төмендеп, 80,6 млрд теңге болды.

Жалпы алғанда, 2018-2022 жылдар аралығында экология мәселесін шешуге бөлінген инвестиция 600 млрд теңгеге жеткен.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанлас қала

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz