Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-Министр облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды

Биыл 28 қаңтарда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

30.01.2023
Жаңалықтар
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Онда негізгі капиталға тікелей шетелдік инвестицияны тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындыланды, сондай-ақ алдағы міндеттер қаралды.

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 трлн теңге (жылдық жоспардың 94,2%-ы) болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,9% артық.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау сияқты салаларда өсім тіркелді.

Фото: primeminister.kz

Орталық мемлекеттік органдар арасында жылдық жоспарды Ғылым және жоғары білім (121,8%), Денсаулық сақтау (103,5%), Оқу-ағарту (102,3%) министрліктері орындады.

Ең төмен көрсеткіштер Экология, геология және табиғи ресурстар (79,4%), Мәдениет және спорт (72,5%) министрліктеріне тиесілі.

Өңірлер арасында Ұлытау (75,6%), Атырау (84,2%) және Жамбыл (86,5%) облыстары аутсайдер болып отыр.

Әлихан Смайылов Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын 5 ірі жоба іске аспай қалғанын атап өтті.

«Өңірдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жетпей қалған сома 50 млрд теңгеден асады. Әкімдік бұл олқылықты жаңа жобалар есебінен толтыруға тиіс еді. Облыстың әлеуетін пайдаланып, қосымша инвестиция тартуды және туындайтын проблемаларды уақытылы шешуді қаматамыз етуі қажет еді», — деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz

Ол Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмағанын айтты.

«Инвестицияның 60%-дан астамы Теңізшевройл және KPI ірі жобаларына тиесілі. Өңір басшылығы индикатордың орындалмауын  жоғарыда аталған жобалар бойынша инвестиция көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Әкімдік осы жобалардың аяқталу мерзімін болжап, өсімнің қосымша көздерін алдын ала іздестіруі керек еді», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр Жамбыл облысында салынған инвестицияның үштен бірі бюджет есебінен болғанын жеткізді.

Отырыста Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.

«Кейбір өңірлерде инвестиция 1-2%-ға ғана өскен, әкімдіктер оны жетістік деп түсіндіруге тырысты. Бірақ бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес  республика бойынша өсім 8%-ға тең. Президент 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестиция деңгейін ЖІӨ-ге 25%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Бұл жыл сайын өсім 10%-дан жоғары болуы керек дегенді білдіреді», — деді Смайылов.

Фото: primeminister.kz
Тегтер: Әлихан СмайыловБасты жаңалықтаринвестицияПремьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Снегопад, метель и гололед: жителей Алматинской области предупредили о непогоде

Николай Иващенко
11.03.2026

Важная информация для участников референдума по Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

В Конаеве мужчину наказали за непристойные действия в общественном месте

Николай Иващенко
11.03.2026

В Алматинской области открыт обновлённый перинатальный центр

Николай Иващенко
11.03.2026

Временные перебои с электричеством ожидаются в Алматинской области в ближайшие дни

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz