Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы саяжайлардың жарық желісі «Алатау Жарық» компаниясына өтуі мүмкін

Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің жекелеген субъекттермен, жергілікті атқарушы органдармен өткен жиналысында айтылды.

29.01.2023
Аймақ

Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Өтегенованың айтуынша, саяжай тұрғындары жарық тарифінің қымбат болуына, бұдан бөлек, саяжайдағы желіде жиі апат орын алуына, жарықтың көп өшуіне шағымданады. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін департамент «Алатау Жарық» компаниясына облыс аумағындағы барлық саяжайдың жарық желісін өткізіп беруді қарастырып жатыр.

«Өздеріңізге белгілі, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС — Алматы қаласы мен облыс тұрғындарын электрмен жабдықтаушы компания. Саяжай тұрғындары осы компанияның белгіленген тарифінен көп ақша төлейтіні ешкімнен жасырын емес. Мұнда кез келген коммуналдық желі тұрғындарға тиесілі, оларға қызмет көрсетуші — тұтынушылар кооперативі. Ал «АлматыЭнергоСбыт» желіні жабдықтаушы компания болған соң әр тұрғынмен келісімшартқа отыра алмайды. Қазіргі таңда бұл жағдайды шешу үшін саяжайларда желіні басқаруды «Алатау Жарық» компаниясына өткізіп беру мәселесі қарастырылып жатыр», — деді Гүлмира Өтегенова.

Маманның сөзіне сүйенсек, егер жарық желілері «Алатау Жарық» компаниясының балансына өтетін болса, тұрғындар «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының белгіленген тарифі бойынша ақша төлейді. Және олардың әрқайсысымен жекелеген келісімшарттар жасалады.

Сонымен қатар Гүлмира Өтегенова облыста иесіз қалған желілерді пайдалануға бірнеше ұйым жауап беретіндіктен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендегенін айтты.

«Департамент қазіргі уақытта Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып иесіз желілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Егер монополист мұндай желілерді өзінің балансына немесе сенімгерлік басқаруға қабылдаса, көрсетілетін қызметтердің сапасы артатыны сөзсіз», — деді маман.

Айта кетейік, Алматы облысында коммуналдық желілердің тозуы 60-70%-ды құрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алатау ЖарықАлматы облысыжарық желісі

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлер мен IT мамандарына сұраныс артып отыр

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында ұстазға қол көтерген оқушы есепке алынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында 90 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Мемлекеттік қызметтегі басшы әдебі: қоғам сенімінің басты көрсеткіші

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

Алматы облысында жалған жарылыс туралы хабарлама таратқан оқушылар ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz