Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Талғар ауданында наурыз айына дейін 10 қоғамдық көлік қолданысқа беріледі

Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысының Талғар ауданы әкімдігінің маманы және жолаушылар тасымалына жауапты компания басшысымен кездесуінде белгілі болды.

26.01.2023
Аймақ

«Қазіргі таңда Талғар ауданында ауылішілік 37 автобус қатынап жатыр. 2022 жылдың тамыз айынан бастап «Тұлпар экспресс» компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысып келеді. Биылға бұл серіктестікке облыс әкімдігі тарапынан 564 миллион теңге субсидия бөлінді. Енді компания 11 көлікті жаңарту мақсатында банктен несие алып, 10 автобус сатып алмақ ниетте. Олар наурыз айына дейін қолданысқа беріледі», — деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Асхат Досжанов.

Сондай-ақ бұл ауданның шалғай ауылдары тұрғындарының Алматы қаласына қатынау мәселесі де жоқ емес.

«Дәулет, Қайнар, Нұра, Туғанбай, Жалқамыс, Тереңқара ауылдарының тұрғындары көбіне Алматы қаласына баратын қоғамдық көлік сұрайды. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімдігімен бірлесе отырып, аудандар арасында жүретін бағыттар ашу мәселесін қарастырып жатырмыз», — деді бас маман.

Өз кезегінде облыс әкімдігінің маманы бұл ауданда 48 елді мекен бар екенін, оның 34-і қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Қалған 14 елді мекенді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, ауданнан Қонаев қаласына қатынайтын бағыттарды ашу мәселесі облыс әкімдігінің бақылауында», — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысы Қанат Шарапиев.

Айта кетейік, ауданда автобустардың қатынау интервалы — 7-10 минут аралығында. Қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізіліп, аудан әкімдігінің ақпараттық жүйесіне қосылған. Билет құны — 80 теңге, оқушыларға — 40 теңге. Сондай-ақ тұрғындар мобильді қосымша арқылы автобустардың қай жерде кетіп бара жатқанын көре алады.

Алдағы уақытта облыс әкімдігінің маманы басқа аудандардағы қоғамдық көлік жүрісінің мән-жайын анықтау мақсатында іс-сапарларға шығатын болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқоғамдық көлікТалғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz