Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы маңында бұралқы иттер малға шабуыл жасап жатыр

Алматы маңындағы Көкөзек кентінде бұралқы иттер тұрғындардың үрейін ұшырып отыр.

25.01.2023
Аймақ

Тұрғындардың айтуынша, иттер үй жануарларына қорада тұрған жерінен шабуыл жасаған. Жақында ғана иттер аулалардың бірінде қойларды жайратып салған. Олар түнде қораға кіріп кеткен.

«Таңғы сағат 6. Иттер жайратып салған. Міне, сарай. Міне, қошқарлар жатыр. Барлығына шабуыл жасаған. Үш қой ғана аман қалды. Екеуі бүтін, үшінші қойдың аяғы сынған. Қасқырлар шабуылдаған сияқты, бірақ иттер», — дейді қой иесі.

Көкөзек кенті Алматыдан 20 шақырым жерде, Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінде орналасқан. Кент тұрғыны Гүлбаршын Даркенбаеваның айтуынша, бұралқы иттер бүкіл ауылды қорқытып отыр.

«Олар қасқыр сияқты малға шабуыл жасайды, қораларға кіріп кетеді. Біз ауыл орталығында тұрамыз. Бізде мал аз, мал бағатын жер жоқ, айналада үйлер мен зауыттар. Бұл қаңғыбас иттерге ештеңе жасалмай отыр, ешқандай шара қабылданбайды. Жазып жатырмыз, бұл туралы бірінші рет айтып отырған жоқпыз. Мал өліп жатыр. Күйеу баламның 8 қойының алтауы өлді», — деді әйел.

Ауыл әкімдігінде жабайы иттердің малға шабуылы туралы ақпарат расталды.

«Ақпарат түскен күні аудандық ветеринария станциясынан аулау бойынша мамандар бригадасы жіберілді. 19 ит қамалды. Бұған дейін 13 қаңтарда Көкөзек ауылында бес итті мамандар ұстаған», — деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Алайда, жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаңғыбас иттер ауыл көшелерінде әлі жүр.

«Әкімдік келіп, у әкелді. Ұстаушылар келеді, бірақ иттер қашып кетеді. Олар қаңғыбас иттерді енді атуға болмайтынын айтты. Олар балаларға шабуыл жасай бастай ма деп қорқамыз», — деді Көкөзек ауылының тұрғыны.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарбұралқы иттерКөкөзек

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz