Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір жылда күнбағыс майын өндіру 62% артты

Өткен жылы елімізде күнбағыс майы өндірісі 62 пайызға өскен. Өсім тазартылмаған сұйық май өндіру есебінен артып отыр.

24.01.2023
Жаңалықтар

Былтыр жыл ішінде күнбағыс майының бағасы 17%-ға дейін қымбаттаған. Қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 537,1 мың тонна күнбағыс майы өндірілді.

2021 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 62,2%-ға артық.

Өсу қарқыны тазартылмаған күнбағыс майын шығару есебінен (2,1 есе) 376,7 мың тоннаға дейін қамтамасыз етілді. Ал тазартылған күнбағыс майын өндіру жыл ішінде 8,7%-ға, яғни 160,4 мың тоннаны құраған.

Өткен жылы қаңтар-қазанда жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарық және экспорт) 81,5%-ға қамтамасыз етті.

Өндіріс көлемі 389,9 мың тоннаға жетіп, 2021 жылға қарағанда 47,1% артық, ал импорт 88,6 мың тоннаны құрап, өсім 28%-ға артты.

Айта кетсек, күнбағыс майын экспорттау 2,5 есе, яғни187,5 мың тоннаға дейін өскен. Бұл қолда бар ресурстың 40%-ға жуығы. Аталған өнімді ішкі нарықта сату 12%-ға (291,1 мың тонна) дейін өсті.

2022 жылы желтоқсан айының қорытындысы бойынша күнбағыс майы 0,4%-ға, ал жыл бойы 17,1%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша май бағасының қымбаттауы СҚО-да (10%), Қарағанды облысында 25,1%-ға жетті. Бағаның айтарлықтай өсуі Алматыда (23,4%) және Ұлытау облысында (22,1%) байқалды.

Күнбағыс майының орташа бөлшек бағасы былтыр желтоқсанда литрі 910 теңге болды.

Бағаның қымбаттауын әсіресе Қонаев (литрі 1024 теңге) пен Жезқазған облысының (1003 теңге) тұрғындары сезінді.

Ал ең арзан күнбағыс майы Семей (литрі 777 теңге) мен Өскеменнің (литрі 783 теңге) еншісінде болды.

Тегтер: күнбағыс майыҚазақстанөндіріс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz