Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда бір күнде 100-ден астам шетелдік автокөлік заңдастырылды

Қазақстанда 23 қаңтарда елде шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Науқанның алғашқы күні 100-ден астам көлік заңдастырылды.

23.01.2023
Жаңалықтар

Сағат 18:00-дегі ақпаратқа сәйкес алдын ала мәлімет бойынша 2000-нан астам өтінім мақұлданды, оның ішінде 100 адам тиісті құжаттарын алды.

Азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңес беріп, базалар бойынша құжаттарды тексеруге көмектесіп жатыр.

«Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек», — деп хабарлайды ведомство.

Сондай-ақ, автокөлік қылмыстық есепте болмау керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт үшін мемлекетті БАЖ төлеу қажет. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Бүгін шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

Тегтер: автокөлікзаңдастыру

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz