Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алтын, көмір, темір және мыс кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

23.01.2023
Жаңалықтар

Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Талдау барысында 2022 жылы уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбалар бойынша 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 12 келісімшартты бұзды. Нәтижесінде мемлекеттік қорға алтын, көмір, темір, мыс, боксит, полиметалл және т.б. кен орындары қайтарылды. Олар кейін стратегиялық инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады.

2022 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке 26 млрд теңге сомасына қол қою бонусы төленді және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден аса инвестиция мәлімделді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған аукционға барлық мүдделі инвестор қатыса алады. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде республикалық баспа басылымдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

Сонымен қатар, уәкілетті органдар қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2022 жылы мемлекет кірісіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 331 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді. Сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге берешек өтелді.

Тегтер: мемлекетпайдалы қазбаларРоман Скляр

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz