Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығында субсидияның 10 түрі жойылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде саладағы субсидиялардың 10 түрі жойылатынын мәлім етті.

23.01.2023
Жаңалықтар

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Субсидиялау жүйесін реформалаудың негізгі міндеті азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, фермерлік қоғамдастықтың пікірін барынша ескеруге, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісілген нұсқасы әзірленді», — деді ол.

Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалмақ.

«Жалпы, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі. Негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіледі. Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «күту парақтары» енгізілді. Жалпы, субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобалары бүгінгі күні мемлекеттік органдарда келісу рәсімін өтуде және жақын арада бекітіледі», — деді Әбілхайыр Тамабек.

Тегтер: АШМӘбілхайыр Тамабексубсидия

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz