Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

23 қаңтардан бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі.

23.01.2023
Жаңалықтар

Қандай автокөліктерді заңдастыруға болады?

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер.

Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер:

  • автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
  • криминалдық есепте болмауы керек;
  • басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет;
  • өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары:

  • е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
  • екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

Автокөлікті заңдастыру үшін қажетті құжаттар:

  • өтінім;
  • өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
  • көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

  • алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
  • техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
  • мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Содан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне Қазақстанның тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Тегтер: автокөлікБасты жаңалықтарзаңдастырукөлік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz