Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті.

21.01.2023
Саясат

«Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленеді. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда кандидатқа қайтарылады», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында.

Айта кетейік, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып белгіленген. Осылайша, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңге болды.

«Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыны (350 мың теңге) құрайды. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады», — деді А. Смағұлов.

Еске сала кетсек, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау күні.

Тегтер: жарнамәжіліссайлауүміткер

Соңғы жаңалықтар

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz