Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қазақстанда 3 террорлық шабуылға тоқсауыл қойылды — ҰҚК басшысы Президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады Alataunews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

20.01.2023
Саясат

Президентке 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндалды. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, 3 террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс Президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды.

Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды.Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетелдік азаматтың елге кіру әрекеттеріне тоқсауыл қойылды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарымен бірлесіп криминогендік жағдай реттелді.

Аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 басшысы және белсенді мүшелері ұсталды. 1 100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Тәркіленген қарудың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. 130 есірткіге қарсы операция жүргізілді, 1,3 тонна түрлі есірткі түрлері тәркіленді. 96 халықаралық және аймақтық есірткі арналары жойылды.

Синтетикалық есірткі өндіретін 28 зертхана жойылды. Заңсыз көші-қонның 32 арнасы тоқтатылды, олардың ұйымдастырушыларына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тоқсауыл қойды.

Мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталды. Шекара арқылы құны 22 млрд теңгеге жуық валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында қой жүнін терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы облысы қарағай өсіруден көш бастап тұр

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026

Алматы облысында педагогтерге арналған оқыту семинары өтті

Мөлдір Иманмади
20.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz