Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында түзеу мекемесінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысындағы «Жауғашты» әйелдер колониясы басшысының көмекшісі сотталған әйелге зорлық-зомбылық жасаған, деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

19.01.2023
Жаңалықтар

Алматы облысы Іле аудандық соты «ЛА-155/4» түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісіне қатысты үкім шығарды. Қызметкер өзінің лауазымын пайдаланып, жазасын өтеп жүрген әйелді зорлаған. Сондай-ақ ол қасақана психикалық азап келтірген.

Оқиға 2021 жылдың 10 маусымында болған. Алайда сотталушы қызметкер өз кінәсін мойындамады.

«Қылмыстық құқық бұзушылық дәлелі жәбірленушінің айғақтарымен, сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде сот-биологиялық және сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысымен расталды», — деп мәлімдеді облыстық сот.

Прокурор соттан сотталушыны кінәлі деп тануды және 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданып, белгілі бір лауазымдарды 3 жыл мерзімге атқару құқығынан айыруды сұрады. Зорлық жасаған түрме қызметкерінің кәмелетке толмаған 6 баласы барын ескерген сот үкім шығарған кезде жеңілдетілген жаза түрін қарастырды.

Сот сотталушыға 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға соттады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Тегтер: Алматы облысысот үкімі

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz