Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда қатты аязда 11 адамды үсік шалды

Алматыда көктайғақ салдарынан құлап, ауруханаға түскендер саны 200-ден асты, 11 адам үсіп қалған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

19.01.2023
Аймақ

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 қаңтардан бері 216 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған.

«Жыл басынан қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтану керек», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 12-16 қаңтар күндері Алматыда қатты аяз болды. Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасы -25 градусқа жететінін де ескертті. Кейін «Қазгидромет» РМК мегаполисте 14-20 қаңтар күндері қалыптасатын ауа райы болжамын ұсынды.

Бүгінде қалада аяздың беті қайтты. Ауа температурасы түнде -11-12, күндіз -6 градус.

Тегтер: алматыаязүсік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz