Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында астыртын жұмыс істеген 4 казино анықталды

Заңсыз ойын бизнесіне қатысты 150-ге жуық дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

19.01.2023
Аймақ

Алматы облысында астыртын жұмыс істеген 4 казино анықталып, жұмысы тоқтатылған. Сондай-ақ қазір заңсыз ойын бизнесіне қатысты 150-ге жуық дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігіне тиесілі экономикалық тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесін жою үшін тиісті іс-шаралар жүргізіп келеді. Дегенмен мамандар «былтыр Алматы облысында анықталған деректер көңіл көншітпейді» дейді.

«Өткен жылы 29 факті тіркелді. Нәтижесінде 100-ден аса ойын автоматы тәркіленді. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бүгінгі таңда сот шешімі бар. Соның негізінде тәркіленген барлық ойын автоматы жойылады», – деді облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Құрбан Нұраддинов.

Бүгінде ойын автоматтарын заңсыз қолдану кеңінен тараған. Дегенмен терминалды жасанды аппараттан QR көмегімен ажыратуға болады. Экранға шығатын кодта лоторея аппаратының тіркелген ресми сайты белгіленеді. Бұл терминалдың бірыңғай базада барын және оған бақылау жасалып отыратынын білдіреді.

«Лоторея ойнағысы келген адам бірінші кезекте өзі жайында ақпаратты толтыруы керек. ЖСН толтырғаннан кейін оның 18 жасқа толғандығы көрсетіледі. Мұның барлығы лотерея ақпаратын өңдеу орталығына енгізіледі. Ол жерде қандай адамдар қатысты,қанша ұтыс болды, қанша билет сатылды, ақпарат көрсетіледі», – деді Ұлттық лоторея операторының pr-менеджері Шынболат Пазыл.

Оңай олжаға кенелуді қалайтындар қатары азаяр емес.

«Ойын ойнау менің өміріме өз әсерін бере бастады. Барған сайын мен үлкен көлемдегі қарызға баттым. Бірақ миымда соған сай үлкен иллюзиялар құруды әдетке айналдырдым. Ішімнен «міне, қазір қомақты ақша ұтамын да, қарыздарымнан құтыламын» деген ойлар кетпеді», – деді құмар ойыннан емделуші.

«Мәселен маскүнемдікке не нашақорлыққа шалдыққан адамның 33 пайызы қандай да бір қылмыс жасауға бара алады. Ал ойынға тәуелді адамдардың 50 пайызы оп-оңай қылмыскерге айнала алады. Көбіне олар ауыр емес, ұрлық, алаяқтық сияқты жеңіл қылмыс жасауға бейім болады», – деді психиатр Айгүлім Әбетова

Мамандар адамның құмар ойынға бейім не тәуелді екенін бірден анықтау қиын екенін айтады. Сондықтан лудоманияны алдын алу үшін әсіресе ата-аналар баламен байланысты берік ұстағаны абзал.

Тегтер: Алматы облысыказино

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, тұман және жел: Алматы облысында осы аптада ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Алматы облысында браконьерлікке қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Қазақстанда сілеусін алғаш рет спутник арқылы бақыланады

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Алматы – Талғар – Бәйдібек би тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Oi-Qaragai курортын кеңейтуге 50 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz