Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СҚО-да 20 адам «доңыз тұмауына», 4 адам «гонконг тұмауына» шалдықты

Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 30 мыңға жуық адам жедел респираторлы вирустық инфекцияға, 269 адам тұмауға шалдыққан.

18.01.2023
Жаңалықтар

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, 1 қазан – жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде 29 581 адам ЖРВИ жұқтырған. Былтыр 18 мыңға жуық адам ауырған. Сондай-ақ биыл ауырғандардың 65 пайызы – 14 жасқа дейінгі бала.

«14 қазаннан бері өңірде тұмау жұқтырудың 269 жағдайы тіркелді. Былтыр небәрі 35 адам ауырған еді. Биылғы 20 жағдай «доңыз тұмауына» қатысты. 4 адамға H3N2, яғни «гонконг тұмауы» диагнозы қойылды. Ауырғандардың 52-сі – жүкті әйел, 84-і – 14 жасқа дейінгі бала», – деді Әсет Жұматаев.

Бұл ретте тұмауды жұқтырғандардың басым бөлігі – Петропавл қаласының тұрғындары.

«Эпидемиологиялық маусым басталғалы 16 қаңтарға дейін стационарларда ЖРВИ-мен 748 адам жатып, ем алып шықты. Олардың 96-сы – жүкті әйел, 599-ы – бала. Жалпы ауырғандардың 65 пайызы – балалар. Коронавирус инфекциясы кезінде мектептерде балалар қашықтан білім алды, балабақшалар жұмыс істеген жоқ. Салдарынан оларда тиісінше иммунитет қалыптаспады. Сондықтан қазір жиі ауыратын болған», – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, стационарларда тұмаумен 10 адам жатты, тағы алтауы «доңыз тұмауынан» емделген.

Тегтер: гонконг тұмауыдоңыз тұмауыСҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz