Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар Лейк-Плэсид қаласындағы Универсиаданың чемпионы атанды

Тұғырдан секіру бәсекесінде Данил Васильев Лейк-Плэсид қаласындағы Универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

17.01.2023
Жаңалықтар

Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті. Қазақстандық спортшы кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды.

Қалған қос медаль аустриялық атлеттің еншісінде. Күміс — Максимилиан Линер, қола — Тимон Паскаль Кахофер.

Тағы бір қазақстандық Сергей Ткаченко 7-ші, Никита Девяткин 9-шы, Святослав Назаренко 21-ші, Мағжан Амангелдіұлы 22-сатыдан көрінді.

Сондай-ақ кеше мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қысқа бағдарламада 6-шы, ал еркін бағдарламада 3-ші нәтиже көрсетіп, жалпы 231,08 ұпай жинады. Қола медаль үшін таласта Михаил қарсыласынан 0,25 ұпай аз алды. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарысқа 19 елдің 31 спортшысы қатысты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясы 2 алтын медальмен жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Тегтер: Данил ВасильевЛэйк-Плэсид

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz