Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтінішті электронды түрде жолдауға болады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тленчин айтты.

16.01.2023
Аймақ

«2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік автокөліктер заңдастырыла бастайды. Өтінішті «Электрондық үкімет» порталы немесе Автоцонға барып беруге болады. Автоцондарда арнайы секторлар ашылады, олар тек автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды», — деді Арман Тленчин.

Сонымен қатар ол Автоцонда Әкімшілік полиция қызметкері болатынын, оның халыққа құжат рәсімдеу тәртібін түсіндіріп беретінін айтты.

«Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері де Автоцонда отырады. Олар қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеудің тәртібін түсіндіреді», — деді маман.

Полиция департаменті бастығының орынбасары автокөліктер қандай жағдайда 200 000 теңге алымын төлей отырып, утиль алымынан босатылатыны жайлы сөз етті.

Арман Тленчиннің сөзінше, заңдастырылатын көліктер мынадай талаптарға сай болуы керек:

• көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек;
• іздеуде болмауы қажет;
• басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс;
• кедендік тазартудан өту керек.

«2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңіл автокөліктер, шағын және салмағы 5 тоннаға дейін үлкен автобустар, салмағы 3,5 тоннаға дейін жүк көліктері заңдастырылады», — деді Арман Тленчин.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарзаңдастыруҚонаевшетелдік көлік

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz