Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда 300-ден астам тұрғын жылусыз қалды

Алматыда жылу құбыры жарылып, "Жайлы" тұрғын үй кешенінде 7 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.01.2023
Аймақ

16 қаңтарға қараған түні сағат 01:30-да су құбыры жарылып, 12, 13 және 15 қабатты 7 тұрғын үй жылусыз қалды.

«Түнде су құбыры жарылып, бәріміз апыл-ғұпыл киініп, далаға шықтық. Ауланы ыстық су басып кеткен. Жылу жүйелерінің мамандары келіп, жасады. Ал тұрғын үй кешеніне жауапты «Серт» мердігер компаниясы өтінішімізді тыңдаған да жоқ», — дейді тұрғын Салтанат Абуова.

Тұрғын үй кешені 2006 жылы пайдалануға берілген. Алайда, кешеннің әу бастан проблемасы шаш етектен болған. Тұрғындардың айтуынша, сапасыз құрылыстың ақаулары әлі күнге түзетіліп келеді.

«Түнде ыстық су құбыры жарылды. Жылу жүйелерінің мамандары ақауды қалпына келтірді. Ыстық су құбыры жасалып, таңғы сағат 9:30 шамасында тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су берілді», — деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам адам тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dorogi_almaty_official +21?? (@dorogi_almaty_official)

Тегтер: алматыжылуқұбыр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz