Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда оқушыны аяусыз ұрып-соққан қыздардың бірі колледжден шығарылды

Талдықорғанда оқушыны өз құрдастарының ұрып-соққанына байланысты жанжал әлі де бәсеңдемей тұр. Күдіктілердің бірі колледжден шығарылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

13.01.2023
Аймақ

Облыстың білім басқармасы жанжалға қатысушылардың бірі колледжден шығарылғанын айтты. Өйткені қыз кәмелетке толған және өз әрекетіне жауап бере алады.

Алайда, қалған екі оқушының мәселесі әлі шешілген жоқ, олардың ата-анасы балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін 69 мың теңге айыппұл төлеген болатын.

Талдықорған және Қаратал ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия отырысы жоспарланған, отырыста оқушылардың болашақ тағдыры туралы шешім қабылданады. Қыздар кешкі мектептерде оқиды.

«10 қаңтарда ұрып-соққан оқушылардың бірі колледжден шығарылды. Қалғандары әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алдына шығады. Хаттама толтырылады, соған сәйкес соттың атына тиісті ұсыныстар жіберіледі», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Басаров.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде бейнежанжалды жариялаған оқушының мәселесі де қаралып жатыр. Қыз Алматы колледждерінің бірінде оқиды, ол да комиссия мүшелерінің алдында жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қаңтарда әлеуметтік желілерде үш құрдасының оқушыны аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасы тарады. Бұл қоғамдық резонанс тудырды. Полицейлер бейнеролик Талдықорғанның пәтерлерінің бірінде түсірілгенін және жанжалдың барлық қатысушыларын анықтады.

Іс жүзінде әкімшілік іс қозғалды, оқушылардың заң бұзушылығы полцияда тексеріліп жатыр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот мектеп оқушыларының ата-аналарына үлкен ақшалай айыппұл салды. Сондай-ақ білім беру саласының 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz