Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Таяу жылдары Алматы облысының ғана емес, елдегі барлық ауылдардың экономикасы «қайта жүктеледі» — Смайылов

Алдағы жылдарда ауылдық аймақтарды өркендетуге басымдық беріледі. Бұл ірі жоба Алматы облысының ауылдарында да жүзеге асырылады.

13.01.2023
Аймақ

Қонаев қаласында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов баяндама жасады. Олар облыстың даму қарқыны, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы ағымдағы ахуал, автомобиль жолдарын салу, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары және т.б. туралы айтып берді.

Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр Үкімет Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасында ұсынылған кең ауқымды реформаларды іске асыруға кіріскенін атап өтті.

«Онда дамудың негізгі драйверлері ретінде өңірлерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы жылдарда ауылдық аймақтарды өркендетуге басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатын болады. Бұл ретте еліміздің аграрлық-индустриалды өңірі болып саналатын Алматы облысының алатын орны ерекше», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, жуық арада Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады. Ол ауыл экономикасын, жер қатынастарын, жергілікті өзін-өзі басқаруды және басқа да салаларды жаңғыртуға бағытталады. Сонымен қатар Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясындағы жұмыстар, сондай-ақ бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және суармалы жерлерді көбейту бойынша жұмыстар жалғасады.

Премьер-Министр әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша да ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыАШМӘлихан Смайылов

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz