Спортшының әйелі Татьяна Гордиенко әлеуметтік желіде неке қию рәсімінде түсірілген фото-видеомен бөлісті.
«Махаббатқа, шексіз бақыт пен ең жақсы азаматқа «иә» дедім», — деп жазды Гордиенко.
Неке қию рәсімі 12 қаңтарда Астана қаласында өтті. Гордиенконың парақшасында оқырмандар Илья мен Татьянаны құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Айта кететіні, Илья Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқан болатын. Олардың ортақ бір қызы бар.