Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Балағат сөздерге қандай жағдайда айыппұл салынады және қалай дәлелденеді?

Iшкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді.

13.01.2023
Қоғам

Балағат сөздер үшін жауапкершілік қаншалықты күшейді?

– Иә, осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл 17 250 теңгені құрайды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Біреу мені жай ғана балағаттады деп айтса, айыппұл салына ма?

– Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сонымен бірге құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы болады. Құқықтық бағаны сот береді.

Үйде, көлікте айтылған балағат сөздер үшін де жазалай ма?

– Атап өткенімдей, бәрі мән-жайға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларды сыйламау, сонымен бірге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу — міндетті шарт.

Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін қалай айыппұл салады?

– Әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтқаны үшін, егер мұндай әрекеттер қоғамдық орындарда немесе айналасындағылардың, азаматтардың тыныштығын бұзса, бұл ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл салынады?

– Жалпы жоғарыда аталған жағдайлар болған кезде қай тілде болмаса да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік бар.

Тегтер: айыппұлбалағат сөзқоғам

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz