11 қаңтарда сағат 16.00 шамасында СҚО Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 5 шақырымдай жерде орналасқан орман алқабының жанынан ТЖ және полиция қызметкерлерінің іздеу тобы қар астынан Новоишимское ауылының 31 жастағы тұрғынының денесін тапты. Ол 9 қаңтардан бері ұшты-күйлі жоқ. Оны іздеу туралы арызбен ер адамның анасы полицияға жүгінді. Екі танысымен бірге балық аулауға шыққан ауыл тұрғыны үйіне қайтып оралмаған.
«Қаңтардың 7-нен 8-не қараған түні Новоишимское ауылынан келген үш балықшы Ступинка ауылының жанындағы көлде болғаны анықталды. Сағат 23.00 шамасында спирттік ішімдіктерді бірге отырып ішкеннен кейін, олардың бірі Сергеевка қаласындағы туысына жаяу баратынын айтқан. Жанындағы таныстары қарлы боранда түнде жаяу жүрмеуге шақырған. Алайда, олардың сөздеріне көнбей, кетіп қалған», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.