Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талдықорғанда соққыға жығылған қыз ауруханаға түсті

Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

12.01.2023
Жаңалықтар
фото: видеодан скриншот

фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда құрбысын ұрды деп айыпталған мектеп оқушыларының ата-аналары сотқа тартылды. Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әрбір отбасына 20 АЕК айыппұл салынды, бұл 69 мың теңгені құрады. Құқық бұзушы қыздарға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу әлі де жалғасып жатыр.

Жәбірленуші оқушы қыздың өкілі (оның әжесі) бастапқыда арыз беруден бас тартқан. Алайда кеше қалалық полицияға арызданды. Қыз емделу және толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция жанжалға қатысушыларға қатысты басқа да фактілерді тексеріп жатыр. Бейнежазбаның авторы кәмелетке толмаған қыздардың 19 жастағы танысы болып шықты. Ол да анықталып, полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушы қыздардың әрекеттерін білім беру органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын арнайы құрылған комиссия қарастырады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа қатысты балағат сөздермен бейне-үндеу жариялаған тағы бір кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Сондай-ақ қыздың өзіне қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материал жиналды.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz