Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының кәріз-тазарту құрылыстарына қатысты жобаны Нидерланд компаниясы іске асыратын болды

Маңызды құжаттың аясында нидерландтық «Dutch Clean Tech» компаниясы облыс әкімдігімен бірлесе «Алматы облысының аумағында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңарту» жобасын жүзеге асырады

10.01.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Кездесу барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл компанияның басқалардан артықшылығы — үлкен елді мекендерден бөлек, кіші ауылдармен де жұмыс жасай беретіні екенін айтты.

Фото: Аслан Қажеке

«Меморандум шеңберінде Алматы облысының үлкен проблемасы – кәріз-тазарту жүйесінің тозу түйіткіліне басымдық берілуі қажет. Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін әлеует жеткілікті. Халықтың 83 пайызы ауылдарда тұрады. Бұдан бөлек, Алматы облысында туризмді дамыту мақсатында ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту керек. Бүгін құжатқа қол қойылған соң сіздермен жұмыс жасауға белсене кірісетініміз белгілі. Жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы, туризм салаларын ілгерілету үшін «Dutch Clean Tech»-тің сіңіретін еңбегі мол болатынына сенімдіміз», — деді облыс әкімі.

Ал компанияның бас маманы Яспер Слюймерс болса облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қос тараптың бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.

Фото: Аслан Қажеке

«Dutch Clean Tech» технологиясының ерекшелігі – электр энергиясын пайдалану көлемін 30%-ға үнемді қолдану. Ал кәріз-тазарту жүйесі тұнбаларының 40 пайызы қарашірік түзуге қайта қолданылады. Нысандар құрылысының барысында 80 пайыз қазақстандық жеткізуші компаниялармен жұмыс жасаймыз. Біздің компания өңірде 5-8 нысан салуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін бірнеше кәріз-тазарту құрылыстарын көріп, проблемамен таныстық. Алғашқы жоба – рекреациялық-туристік аймақтарға бағытталуы мүмкін», — деді бас маман.

Қос тарап өз пікірін білдірген соң меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда «Dutch Clean Tech» серіктестігі облыс әкімдігімен коммерциялық және қаржы бағытындағы сұрақтарды шешіп жатыр. Одан кейін құрылысқа, инвестицияға жауапты мамандармен ақылдаса отырып, белгіленген нысанның құрылысы басталады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 7 қарашасында Нидерланд компаниясы өңірдегі кәріз-тазарту жүйесін жаңартуға мүдделі екенін жазғанбыз.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаринвестиция

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz