7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан.Жаяу серуендеуді аяқтағаннан кейін, ол көлікке қарай төмен түсіп келе жатып телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Сол кезде шамалы қар көшкіні түсіп, азаматша құлап, «Проходная» өзеніне қарай келген.
9 қаңтарда сағат 5.00 шамасында ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмарасан шатқалында жоғалған әйел туралы хабарлама түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ 2 автомобильмен құтқаруға шықты.
«РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді. Одан бөлек, іздеуге бірнеше еріктілер ұйымдары, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Таңғы сағат 4-ке қарай жоғалған турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. Құтқарушылар қажетті барлық көмекті көрсетіп, әйел адамды Проходное шатқалына жеткізді. Зардап шегуші АМО бригадасына берілді», — деп жазды ТЖМ-нан.





