Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Субсидия алу үшін арнайы порталда өтінімді 1 ақпаннан бастап беруге болады

«Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидияға өтінім ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді.

10.01.2023
Жаңалықтар

Өтінімді бірыңғай gosagro.kz веб-порталында беруге болады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз қызмет көрсетеді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Ал 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы Qoldau.kz порталынан бұрынғы аграрлық субсидиялау сервисі өшірілді. Қазіргі уақытта ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмысы жүріп жатыр.

СБМАЖ арқасында фермерлерге субсидиялар алуды растау үшін қосымша анықтамаларды ұсыну қажеттілігі болмайды. Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген.

Инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.

Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Бюджет «күту парағында» өтінімдердің кезек бойынша ғана бөлінетін болады, оған фермердің тарапынан қосымша іс-әрекеттер қажет емес.
Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.
«Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Қазіргі уақытта субсидиялау жөніндегі қызметтерді өтінім берілген сәттен бастап, субсидия төленгенге дейінгі аралықта техникалық пысықтау аяқталды.
Қолданыстағы субсидиялау қағидасына сәйкес, фермерлерден өтінім қабылдауды бастау мерзімі белгіленген.

Негізгі өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанында басталады.

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz